✉ almaty@bilimshuagy.kz ☎ +77711410882
InstagramFacebookYouTubeTelegramҚАЗ|РУС|ENGКіру / Тіркелу

Мақала беру ережелері

«Білім шуағы» басылымдарына ғылыми, ғылыми-әдістемелік және педагогикалық бағыттағы материалдарды ұсыну тәртібі.

Авторларға қойылатын негізгі талаптар

  1. Мақала автордың өзіндік жұмысы болуы және бұрын басқа басылымда толық көлемде жарияланбаған болуы тиіс.
  2. Материал білім беру, педагогика, әдістеме, ғылым, зерттеу, тәрбие, инновация немесе тәжірибе алмасу бағыттарына сәйкес болуы қажет.
  3. Мақала мазмұны сауатты, жүйелі және нақты жазылуы керек. Автор келтірілген деректердің, есімдердің, дәйексөздердің және әдебиеттер тізімінің дұрыстығына жауап береді.
  4. Басқа авторлардың ойлары, деректері немесе мәтіндері пайдаланылған жағдайда дереккөзге міндетті түрде сілтеме беріледі.

Мақаланы рәсімдеу

  • Файл форматы: Microsoft Word (.doc немесе .docx). Қажет жағдайда PDF нұсқасын да жіберуге болады.
  • Мақала атауы анық және мазмұнын толық ашатындай болуы керек.
  • Автордың аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы немесе мамандығы көрсетіледі.
  • Ғылыми немесе әдістемелік мақалада аннотация, түйін сөздер, негізгі мәтін, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер болғаны дұрыс.
  • Кестелер, суреттер мен диаграммалар анық әрі оқуға ыңғайлы сапада беріледі.
  • Пайдаланылған әдебиеттер мәтін мазмұнымен байланысты және тек нақты қолданылған дереккөздерден құралуы тиіс.

Мақала мазмұны

Материалда тақырыптың өзектілігі, автордың негізгі идеясы, тәжірибелік немесе зерттеушілік мазмұны анық көрінуі қажет. Педагогикалық тәжірибе ұсынылған жағдайда қолданылған әдістер, тапсырмалар, нәтижелер мен тәжірибелік маңызы түсінікті баяндалғаны жөн.

Маңызды: редакция материалды орфографиялық, техникалық және басылым форматына сәйкестендіру мақсатында редакциялауға құқылы. Мақаланың негізгі авторлық ойы өзгертілмейді.

Жариялауға қабылданбайтын материалдар

  • плагиат немесе авторлығы күмән тудыратын материалдар;
  • мазмұны басылым бағытына сәйкес келмейтін мәтіндер;
  • әдеп нормаларына қайшы, кемсітушілік немесе қорлау сипатындағы материалдар;
  • дәйексөздері мен дереккөздері рәсімделмеген көшірме мәтіндер;
  • оқуға жарамсыз немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейтін файлдар.

Мақаланы жіберу тәртібі

Басты беттен қажетті журналды таңдап, «Тапсырыс беру үшін басыңыз» батырмасын басыңыз. Ашылған формаға автор туралы мәліметтерді енгізіп, мақала файлын тіркеңіз. Төлем Kaspi QR арқылы жасалғаннан кейін төлем түбіртегін жүктеп, тапсырысты жіберіңіз.

Тапсырыс жіберілгеннен кейін материал әкімшілікке түседі. Қажет болған жағдайда редакция автор көрсеткен телефон немесе электрондық пошта арқылы байланысады.